Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Алты айлық қызын үйдің шатырынан тастап жіберген 38 жастағы азамат кісі өлтіруге тырысқаны үшін айыпталды. Оңтүстік Африканың шығыс жағалауындағы тұрғын үйлердің бұзылуына наразылық білдірген әке сәбиін өзімен бірге шатырға алып шыққан.

Үйін көшіруге наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Сол үйге келген полиция қызметкерлерінің бірі шатырға шығып қыздың әкесін көндіруге тырысқан. Алайда, ол полиция қызметкерінің сөзіне құлақ аспай қызын ары-бері сермеп, жерге тастап жіберемін деп қарсылық білдірген. Сонымен бірге, қалған наразылық білдірушілер оған «лақтыр, лақтыр» деп айқайлаған. Нәтижесінде алты айлық сәбидің әкесі ойға алған жоспарын жүзеге асырып, қызын шатырдың төбесінен тастап жіберген.

Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Қуанышқа орай әкесі шатырдан тастап жіберген қызды сол жерге болған полиция қызметкерлері ұстап үлгерген. Абырой болғанда, сәбиге ештеңе болмаған.

Қазір қыз 35 жастағы анасына қайтарылды, ал баланың әкесі болған оқиғадан кейін қамауға алынды.

Айта кетейік, Квардеси қаласындағы  заңсыз салынған 90 үйдің бұзылуына байланысты халық наразылық көрсеткен. 150-ге жуық жергілікті тұрғын көшелерде тәртіпсіздік орнатып, жолдарды өртенген көлік дөңгелектерімен бөгеп, кірпіш лақтырған.

Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Тағы оқыңыз: 

Танымал адвокат қоршаған ортаны ластауға қарсылық ретінде өзін өртеп жіберді

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Желіде қырғыз президентінің қарапайым әуе рейсімен ұшқаны түсіп қалған видео тарап кетті (видео)

Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Талқылау