Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Атырау облысына дәрігерлер жіберетінін мәлімдеді

Астрахан облысы коронавируспен күрес үшін Қазақстанға дәрігерлер мен гуманитарлық жүк жібереді. Бұл туралы Instagram-да губернатор Игорь Бабушкин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазір біз Атырау облысына жеке қорғаныс құралдарымен толықтырылатын гуманитарлық көмек жүгін дайындап жатырмыз, жақын арада жібереміз. Сондай - ақ біз Атырауға бес тәжірибелі дәрігерді іссапарға жіберуге дайынбыз", - деп жазды Бабушкин.


Губернатордың айтуынша, облыс үшін дәрігерлердің жетіспеуі басты мәселе. Әсіресе, COVID-19-пен күресте тәжірибесі бар тар мамандар - инфекционистер, реаниматологтар, анестезиологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар қажет.

Бабушкин қазақстандық тарап Астрахан медиктерінің жол жүруіне, тұруына және еңбекақысына байланысты барлық мәселелерді өз мойнына алатынын атап өтті.

Талқылау