Референдум күні Атырау қаласында 5 сәби дүние есігін ашты
Референдум күні Атырау қаласында 5 сәби дүние есігін ашты. Жаңа туған шақалақтың 5-уі қыз. Атырау қалалық перзентханасында орналасқан №80 учаскеде 90 ана өз таңдауын жасады.
Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де алғаш болып Гауһар Бұзаубекова дауыс берді. Гаухардың бұл үшінші нәрестесі, бұған дейін егізін осыдан 9 жыл бұрын дүниеге әкелген. Перзентхана ұжымы бірінші болып таңдау жасаған келіншекке бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.
“Мен өз балаларымның болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз”, - дейді ол.
Ал 19 жастағы Камшат Қайратова бүгін алғаш рет ана атанды.
“Мен бүгін дәрігерлердің арқасында өз нәрестемді қолыма алғаныма қуаныштымын. Өз таңдауымды балаларымның болашағы үшін жасадым”, - дейді ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”