Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың да, ата-әженің де таңдауы: Redmi Note 14 құрылғысы несімен ерекше?

Redmi Note 14 – отбасы мүшелерін жақындастыратын әрі әр буын өкіліне ыңғайлы смартфон. Бұл құрылғыны балалар да, жастар да, егде жастағыларға да емін-еркін қолдана алады. Айтбаевтар әулеті Stan.kz ақпарат агенттігіне Redmi Note 14 смартфонының функциялары олардың күнделікті өмірін қалай жеңілдеткенін және отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасына қалай оң ықпал етіп жатқанын айтып берді. 

Фото: Павел Шамин
 

Айтбаевтардың үйінде үнемі көңілді. Өйткені бұл шаңырақ астында үш буынның өкілдері бірге тұрады: Сұлтан ата мен Сара әже, анасы Сандуғаш пен әкесі Ардақ және олардың балалары – Елхан, Елмырза, Елназар және Елтайыр. Әркімнің өз қызығушылығы, талғамы мен ерекше әдеттері бар. Дегенмен олардың бәрін бір нәрсе біріктереді. Бұл – Redmi Note 14 смартфоны. Айтбаевтардың әрқайсы Redmi Note 14 смартфонын өз қажетіне қарай қолданады, себебі бұл құрылғыда олардың барлығына керек функциялар бар. 

Алдыңғы және артқы камерамен бір уақытта түсіруге болады

Төрт баланың анасы Сандуғаш әдетте күндіз жұмыста. Бірақ қазір декреттік демалыста болған соң, уақытын отбасына, балаларына арнауға тырысады. Әсіресе, өсіп келе жатқан кішкентайларының жылы сәттерін тек өз жадында емес, сурет пен видеода да сақтап қалғысы келеді. Дегенмен басқа қыз-келіншектер сияқты селфи жасағанды ұнатады. Содан болса керек, ол ең әуелі Redmi Note 14 смартфонындағы Dual Video деген режимді ерекше ұнататынын, айтып өтті. 

“Балаларым өте белсенді, бір жерде отырмайды. Кейде олармен жиналып суретке түсудің өзі қиын. Ал кейде балаларым “тү, мама, түсіре бермеңізші” деп еркелейді. Осындай кезде смартфонның алдыңғы және артқы камерасы арқылы бір уақытта фото, видео жасауға болатыны ұнады. Өзімді де және ойнап отырған балаларымды да бір мезетте білдіртпей, оларды мазаламай түсіріп аламын. Оған қоса үлкен әулет болып жиналып фото түсіргенде, үнемі бір адам кадр сыртында қалып қояды. Себебі бәрін біреу түсіру керек емес пе? Ал мына функцияның арқасында фотограф болып тұрған адам да бірге түсе алады екен. Оған қоса балаңа немесе ата-анаңа, сүйіктіңе сыйлық сыйлап, сол сәттегі олардың да, өзіңіздің де реакцияңызды Dual Video режимі арқылы қатар түсіруге болады”, – дейді анасы Сандуғаш. 

Фото: Павел Шамин

Жасанды интеллект мүмкіндіктері қосылған 108 Мп камера

Ал балалардың әкесі Ардақтың айтуынша, оған смартфонға жасанды интеллект мүмкіндіктері қосылған 108 Мп негізгі камерасы ұнайды. Ол соның арқасында видеоны, суретті барынша сапалы етіп шығаратынын айтады. Камераны жақындатса да, алыстатса да, бейне тұнық әрі анық көрсетіледі.

“Мәселен, қазір отбасымызда 9 адамбыз. Кейде бір фотоға сыймай жатады. Бірақ енді Redmi Note 14 камерасын алыстатып, бәрі суретке түсіп, сапалы контент жасай аламыз”, – дейді әкесі.

Оған қоса ЖИ арқасында суретке түрлі эффект қосып, артқы көріністі ауыстыруға болады. Ол фотодағы керек емес, артық затты өшіріп тастауға мүмкіндік беретін AI-Ластик¹ қызметін жиі қолданатынын айтады.

“Келіншегіммен қыдырғанда оны фотоға, видеоға түсіреміз. Ал әйел адамдар фотоларының мінсіз болғанын қалайды. Артқы көрініс онша емес болып қалса, кадрға байқаусызда бөтен бір адамның сұлбасы кіріп қалса, қайта түсірткізеді. Бірақ қазір бір фотоға көп уақыт жұмсамаймыз. Енді қажетсіз, артық затты жай ғана AI өшіргішпен өшіре саламыз”, – дейді әкесі Ардақ.

Фото: Павел Шамин

Берік әрі қауіпсіз құрылғы

Бұл отбасының 4 ұлы бар. Олар смартфон арқылы ойын ойнағанды, YouTube-тен түрлі видео көргенді ұнатады. Бірақ үшеуінің, әсіресе, кішкентай Елназардың бір әдеті бар – бала болған соң, ойнап алысып жүріп, қолындағы смартфонды құлатып алып жатады. Кейде қолын жуған соң, құрылғысын сулы қолымен ұстап алады. “Әдейі істемеймін ғой” дейді балақай. Дегенмен олардың ата-анасы бұл жағынан еш уайымдамайтынын айтады, себебі Redmi Note 14 шаң мен су шарырауынан IP54 қорғанысы бар. Оған қоса телефонға Corning® Gorilla® Glass 5 әйнегі қойылған. Соның арқасында смартфон қатты сырылып кетпейді.

“Қазіргі балалар смартфонсыз жүре алмайды. Кей уақытта тамақ ішсе де, видео көріп отырғылары келеді. “Бірінші тамақ ішіп алыңдар, кейін көресіңдер” деймін. Кейде еркеліктерін көтеріп, рұқсат етеміз. Сол кезде телефонды сатпақ қолымен қолданады. Сатпақ қолымен ұстаса да, сәл су шашырып кетсе де, телефонға ештеңе болмады. Десе де кез келген құрылғыны ұқыпты ұстаған жөн”, – дейді балалардың анасы.

Фото: Павел Шамин

Экраны бейнені анық-қанық көрсетеді

Redmi Note 14 смартфонының операциялық жүйесі – Xiaomi HyperOS. Экраны – AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Жиілігі – 120 Гц. Бұл экрандағы бейнелер өте ашық, қанық әрі сапалы болып көрінеді. Балалардың анасының айтуынша, смартфондағы видеодан, фотодан кішкентай әр ұсақ бөлшектерді көруге, үнемі жүгіріп жүретін балаларды нақты кадрмен түсіріп алуға болады. 

“Балалар түрлі ойын ойнайды. Жолдасым онлайн кітап оқығанды, ал мен сүйікті сериалымды көргенді ұнатамын. Конттентті өте жақсы сапада көре аламыз. Ақ ақ болып, қара қара болып, жасыл жасыл болып, нақты көрінеді. Балалардың смартфондағы түрлі түстегі жарқ-жұрқ еткен ойындары қатпайды”, – дейді балалардың анасы.

Фото: Павел Шамин

Қуаты ұзаққа жетеді

Смартфон аккумуляторының сыйымдылығы – сағатына 5500 мАс. 33 Ваттық HyberCharge технологиясымен әзірленген қуаттағышы телефонның қуатын лезде толтырып бере алады. Оған қоса анасы телефон арқылы сериалының бірнеше сериясын көрсе де, әкесі кітап оқыса да, балалары ойын ойнаса да, қуаты біршама ұзаққа жетеді екен.

Фото: Павел Шамин

Көзді ауыртпайтын, қаріптері үлкейетін ата-әжелерге қолданғанға ыңғайлы смартфон

Қазіргі заманауи ата-әжелер бұрынғыдай теледидардан емес, әрқайсы өз смартфондары арқылы сериал, видео көреді, жаңалық оқиды, туыстарына, достарына видеқоңырау соғады. Дегенмен егде жастағы адамдардың өз ерекшеліктері бар. Соны ескеріп, үлкен кісілерге барынша қолға ұстағанға ыңғайлы, экраны сапалы, функциялары олардың мүмкіндігіне ыңғайланатын болғаны жөн. Айтбаевтардың отбасындағы Сара әже мен Сұлтан атаның таңдауы Redmi Note 14-ке түсіпті. Сұлтан атаның айтуынша, бұл смартфон жеңіл әрі жұқа. Оны ұзақ уақыт бойы ұстап жүрсе де, қолы талып кетпейді. Оған қоса экраны әжептәуір үлкен, сондықтан ондағы бейнені қиналмай көре алады. 

“Қазіргі көзіміз жас кездегідей жақсы көрмейді. Десе де маған мына смартфонды қолданған ыңғайлы. Көзің қатты ауырмайды, жаныңды қинап, көре алмай әлек болмайсың”, – дейді Сұлтан ата. 

Ал Сара әже жаңалық оқығанды, интернеттен түрлі рецепт тауып, немерелеріне тәттілер пісіргенді ұнатады. Көзілдірік тағатын Сара әже, смартфоны көзін мүлде ауыртпайтынын айтады. Сара әженің айтуы рас. Себебі Redmi Note 14 смартфонының экраны TÜV Rheinland халықаралық стандарты бойынша жасалған. Яғни бұл телефоннан көзге зиян көк түс аз шығатындай етіп әзірленген деген сөз. Оған қоса Сара әже смартфонды өзіне ыңғайлап баптап алғанын айтады. Сұлтан ата мен Сара әженің басқа да немерелері, балалары бар. Олармен күнде видеоқоңырау арқылы сөйлесіп тұратындары бар.

“Балаларым мен немерелерім телефондағы жазулар, қаріптер үлкен етіп көрінетіндей етіп баптап берді. Оған қоса экрандағы затты да үлкейтіп көруге болады екен. Соның арқасында WhatsApp-тан тек аудио жібермей, ұзақ мәтінді де емін-еркін теріп жібере аламын”, – дейді Сара әже.

Фото: Павел Шамин

Redmi Note 14 – бұл тек смартфон емес. Жарқын сәттерді сақтап қалатын, алыс-жақын туғандарыңмен жылы байланыс орнататын, күнделікті өміріңді одан әрі қызық ететін әр отбасының жеке көмекшісі іспетті. Бір жанұядағы әке де, ана да, ата мен әже де, тіпті балалар да оны өз пайдасына қолдана алады. Себебі бұл – жеңіл, берік, сапалы, қолданушының денсаулығын ойлайтын, қуаты ұзаққа жететін, жасанды интеллект мүмкіндігі қосылған смартфон.

 

Талқылау