Red Bull 400 Алматы: әуесқойлар арасында 400 метрге тік жүгіру жарысы

Бүгін Халықаралық "Сұңқар" трамплин кешенінде әлемдегі ең қиын қысқа қашықтықтағы жарыстардың бірі – Red Bull 400 Алматы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген 700-ден астам қатысушы 35 градусқа дейінгі еңіспен жоғары өрлеп, 400 метрлік тік қашықтықты бағындырды.
Биылғы жарыс ерекше маңызға ие болды, себебі ол Республика күнімен қатар өтті. Бұл күн қатысушыларға қосымша жігер мен бірлік рухын сыйлады. Күннің жылы шуақты ауа-райы мен желсіз тыныштық сайыстың көркін арттырды.
Жарыс екі форматта ұйымдастырылды – жеке жүгіру және эстафета. Жеке сында қатысушылар әр 15 минут сайын толқынмен шықты, ал ең мықты 100 ер мен 70 әйел финалға жолдама алды.

Бұл жарысқа Қазақстан, Түркия, Үндістан, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Англия, Ресей, Канада және басқа да елдерден келген қатысушылар шықты. Орташа жас – 33 жыл. Ең жас ер және қыз қатысушылар – 16 жаста, ең егде қатысушы – 79 жаста, ал ең үлкен жастағы әйел – 56 жаста.
Жас айырмашылығына және дайындық деңгейіне қарамастан, барлығын біріктірген жігер, төзім және өз шегінен асуға деген ұмтылыс. Олардың қатарында тәжірибелі спортшылар да, алғаш рет осындай сынаққа түскен әуесқойлар да болды. Көпшілігі үшін бұл іс-шара нағыз өзіне-өзі сын мен рухтың жарысы.

Red Bull 400 Алматы тағы да дәлелдеді: рухтың күші шекара білмейді. Түрлі елдер мен қалалардан келген қатысушылар биіктікке жетудің басты шарты – алғашқы қадам мен берілмеу екенін көрсетті.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді