AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Раушан Әріп: Өз мамандығым мен тележүргізушілікті қатар алып жүрмін

Белгілі тележүргізуші Раушан Әріп өз мамандығы мен тележүргізушілікті қатар алып жүр. Мұнайшы мамандығын тәмамдаған ол қызметтегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтты. 

Бұл туралы “Ана мен бала” бағдарламасында айтылды. 

Көпшілікке “Айбын” әскери-патриоттық бағдарлама арқылы көрерменге таныс Раушан Әріп бүгінгі қызметі туралы айтты. Мұнайшы мамандығын тәмамдағанымен, тележүргізушілікті қатар алып келеді. Бір қыздың анасы. 

“Мен киелі Ақтаудың қызымын. Ол жақта мұнайшы мамандығына сұраныс жоғары болғандықтан, осы мамандықта оқыдым. Бірақ оқу орнында жүріп түрлі кастингтерге қатыстым. Байқауларда бақ сынадым. Солайша телевидение саласына келдім. Ол кезде өзім студент едім. “Ана тілі” аруы байқауына қатысып, бас жүлдені иелендім”, – дейді ол. 

Раушан Әріп өз мамандығы бойынша мұнай саласын қатар алып жүр. Одан бөлек таңғы бағдарламаның тізгіншісі. 

“Таңертең ерте тұрамын. Ана болғандықтан түн ұйқымды төрт бөліп үйренгенмін. Сондықтан маған ерте тұру қиын емес. Екі жерде жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды”, – дейді тележүргізуші. 

Раушан ханым табиғатынан салмақты, көп сөйлемейді. Қызының бүгінгі жетістіктерін өз өмірдегі жетістігі санайды. 

“Мен шынайылықты жақсы көрем. Жасандылықты ұнатпаймын. Өтірік айта алмаймын. Мен өтірік айтсам, білініп қалады. Табиғилықты жақсы көрем. Табиғатты демалғанды ұнатамын. Қызым озат оқушы. Қызымның жетістігін өз жетістігім деп білемін. Әкем маған күнделікті 5-6 рет хабарласады. Жағдайымды біліп тұрады. Сондықтан баланың орны ата-ана үшін ерекше”, – дейді Әріп.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр