Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шоттарын бұғаттан шеше алады: Өтінішті қалай береді

аресттер шешіліп жатырФото: bankrotstvo-fizlic.ru

Қазақстанда 6-30 сәуір аралығында борышкерлердің жалақы, зейнетақы, алимент және жәрдемақы түсетін шоттарынан бұғатты шешу акциясы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда жалақы, зейнетақы, алимент және жәрдемақы түсетін шоттардағы бұғатты шешіп тастау бойынша акция басталды. Акция 6-30 сәуір аралығында өтеді.

Министрлік мәліметінше, бұғаттар келесі төлемдер түсетін шоттардан алынады:

  • жалақы;
  • алимент;
  • зейнетақы;
  • мемлекеттік жәрдемақылар.

Арестті алып тастау үшін азаматтар Adilet.gov мобильді қосымшасына тіркеліп, сол арқылы жеке сот орындаушысына өтініш беруі қажет. Алайда бұғат тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда ғана алынады:

  • жалақы түсетін шот туралы жұмыс орнынан анықтама;
  • шоттың зейнетақыға арналғанын растайтын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (ГЦВП) анықтамасы.

Сонымен қатар министрлік бұғаттың алынуы қарыздан толық босатады дегенді білдірмейтінін ескертті. Яғни, айыппұлдар мен берешектерді өтеу міндеті сақталады.

Айта кетейік, соңғы күндері қазақстандықтар әлеуметтік желілерде банк шоттарының жаппай бұғатталуына шағымданған. Кейбір азаматтардың айтуынша, оларда салықтық қарыз болмағанына қарамастан, шоттарына шектеу қойылған.

Бұл жағдайға қатысты қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жаңа автоматтандыру әдісін енгізу кезінде кеткен техникалық қатені себеп ретінде атады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандықтардың шетелде жүріп, елдегі балаларына төлемеген алимент берешегі шамамен 47 миллион теңгеге жетті. Қазір бұл бойынша 100-ден астам атқарушылық іс жүргізіліп жатыр, ал қарыздың басым бөлігі Ресейдегі борышкерлерге тиесілі.Одан кейін Өзбекстан – 24 іс (1,9 млн теңге), Украина – 2 іс. Сонымен қатар Әзірбайжан, Беларусь және Қырғызстан бойынша бір-бірден атқарушылық іс тіркелген.

Айым Атамбаева
Жұма, 10 Сәуір, 2026 11:51