Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды
Фото:UWW/Жәмилә Бақбергенова
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
72 келіде сынға түскен отандасымыз 20 жастағы үндістандық Харшита Харшитаға есе жіберді. Харшита – жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы.
Осылайша тартысқа толы белдесуде отандасымыз 5:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды