Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды

Алматбек Аманбек

Фото:Спортты дамыту дирекциясы/Алматбек Аманбек

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грек-рим күресінен 72 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаимен күш сынасты. 
Ақтық сында отандасымыз Иран балуанынан айласын асырып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Бұл - Қазақстан қоржынына түскен чемпионаттағы бірінші алтын жүлде. 

Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Оқыңыз

Айта кетейік, бұған дейін 87 келіде бақ сынаған Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 18:37