Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

ФНұрсұлтан ТұрсыновФото:ҰОК/Нұрсұлтан Тұрсынов

 

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

87 келіде ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Ол үшінші орын үшін тартыста түркіменстандық балуан Давлатмурал Байрамовтан айласын асырып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл Нұрсұлтан Тұрсыновтың Азия чемпионатынан еншілеп отырған алтыншы жүлдесі. 

Ол бұған дейінқ 2014 жылы Алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдеге ие болған еді.

Бұдан өзге 77 келіде күш сынасқан жерлесіміз Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде Өзбекстан елінің өкілі Дониёрхан Накибовке есе жіберіп, 5-орынды қанағат тұтты.

Енді 8 сәуір күні боз кілемге Қазақстан сапынан Алматбек Аманбек Азияның алтынына таласады. Ал 60 келіде Ербол Камалиев, 82 келіде Ибрагим Магомадев, 97 келіде Ислам Евлоев қода жүлде үшін ел намысын қорғайды.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 22:20