Qarmet компаниясы "Ел үні – 2024" рейтингтік жобасында жеңіске жетті
Stan.kz ақпарат агенттігі жыл сайын өңір тұрғындарының пікірін зерделеуге бағытталған "Ел үні – 2024" рейтингтік жобасын өткізеді. Биыл жұртшылықтың дауыс беру қорытындысы бойынша әлеуметтік жауапты компаниялар санатында "Qarmet" АҚ жеңімпаз атанды.
Қоғамның бағалауынша, "Qarmet" АҚ — бұл Қазақстанның металлургия саласы нарығындағы ең ірі майталман ғана емес, сонымен қатар өңірлердің әл-ауқатына белсенді инвестиция салатын компания. Әлеуметтік бастамаларды дамытуға және инновацияларды енгізуге бағытталған жобалардың арқасында "Qarmet" АҚ бизнес пен әлеуметтік жауапкершіліктің үйлесімді үлгісін көрсетті.
Компания Теміртауда экологиялық көлік түрі болып саналатын трамвай қозғалысын жандандырды. Трамвай паркін толық жаңғыртып, QazTechna Саран зауытының рельсті төсемін, электр желілерін және жаңа жолаушылар вагондарын 100%-ға ауыстырды. Сондай-ақ, қалада жас теміртаулықтар үшін заманауи пәндерді оқытатын креативті технологиялар орталығын ашты. Ал қала тұрғындарына кешкі серуен үшін жаңа орын болған Еңбек Даңқы паркін де Qarmet компаниясы қалпына келтіріп берді. Сонымен қатар, компания зауыт аумағындағы иесіз үй жануарларына арнап баспана салды. Мұндағы жануарлардың күтімін Теміртау зооволонтерлері жасайды.
Компанияның Теміртаудың экологиясын жақсартуға қосқан маңызды үлесі – металлургиялық комбинат өндірісін табиғи газға көшіруі. Qarmet компаниясы "Сарыарқа" магистральдық газ құбырынан 20 000 метрден астам газ тарату желілерін салуды бастады. 2025 жылы өндірісті көгілдір отынға ауыстырудың бірінші кезеңі өтеді. Бұл экологиялық бастама Теміртау металлургия тарихында алғаш рет болып отыр.
"Бұл жеңіс – компаниядағы бүкіл командасының еңбегін мойындау. Біз кәсіптің табыстылығы қоғамның дамуына қосқан үлесімен тікелей байланысты екенін түсінеміз. Мақсатымыз – қызметкерлерге жақсы жағдай жасау және өз қызметімізді жүргізіп жатқан өңірлерде өмір сүру сапасын жақсарту", — деді "Qarmet" АҚ Бас директоры Вадим Басин.
Рейтингтің тізімінде дауыс беруге "Алтыналмас" АҚ, "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазцинк" АҚ, ERG, "ҚазМұнайГаз" ҰК, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, KAZ Minerals және Теңізшевройл сияқты Қазақстанның жетекші өндірістері қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Qarmet әлеуметтік жауапкершілік санатында үздік деп танылды.