Путин Жеңістің 80 жылдығына орай атысты тоқтатты – БАҚ
Фото: Александр Казаков / Sputnik / Reuters
Путин Жеңістің 80 жылдығына орай атысты тоқтату режимін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай жариялаған атысты тоқтату келісімі кезінде 8 мамырда 00:00-ден 11 мамыр 00:00-ге дейін барлық әскери әрекетін тоқтатады.
Путин Пасха мерекесіне орай шабуылды тоқтататынын мәлімдеді
Путин сәуір айының соңында атысты тоқтату туралы жариялады. Ресей тарапы егер Украина атысты тоқтату келісімін бұзса, Ресей Қарулы Күштері шабуылдарға тойтарыс беруге дайын екенін атап өтті.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялағаны туралы хабарлаған едік. Бітім 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні түнгі он екіден 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні түнгі он екіге дейін күшінде болады делінген Кремль хабарламасында.
Бірақ Зеленский бұл бітімді қабылдамады.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
