"Путиннен көңілім қалды": Трамп Ресейге берген 50 күндік мерзімін қысқартатынын мәлімдеді
Фото: shutterstock.com
Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Путинге берген 50 күндік мерзімін қысқартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен Шотландиядағы кездесуі барысында айтты.
“Президент Путиннен қатты көңілім қалды, өте қатты. Мен оған берген 50 күндік мерзімді қысқартып, одан да аз күнге дейін төмендетемін”, – деді Дональд Трамп журналистерге.
Трамп жаңа мерзім бүгіннен бастап 10 немесе 12 күн болатынын атап өтті.
Трамп Барак Обаманы 2016 жылғы сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады
Таиланд пен Камбоджа қақтығысты уақытша тоқтатты: Трамп екі елді татуластырмақ
"Күтуге еш негіз жоқ. Мен жомарттық танытқым келген, бірақ ешқандай ілгерілеу көріп отырған жоқпыз", – деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыста 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне қарсы 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол 14 шілде күні Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі барысында хабарлады.
Бұған қоса, Трамп Украинаға миллиардтаған доллардың әскери техникасы берілетінін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25% баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
