Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіздер бір-бірін қандай жағдайда қатты іздейді?

Қазақстан әлем елдері арасында егіздерді дүниеге әкелу жөнінен 48 орында. Бұл ретте Қызылорданың келіндері жарап тұр. Егіздер көп туылатын өңір осы. Ал әлем бойынша Нигерия көш басында. Әрбір 22-ана егіз туады екен.

Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде егіз бен егіздің қосылу жайттары жиілеп келеді. Бұл жаман үрдіс емес әлбетте. Әсілінде егіздердің біреуі ауырып қалса, екіншісі де сол күйге түсетіні, бір -бірін етене сезінетіні әуелден белгілі. Бұдан басқа да оларды ерекшелейтін қасиеттер бар. Айдана Үсенбай сол туралы баяндап берсін, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Қазақстанның мәртебесін халықаралық аренада қорғайтын болашақ жеңіл атлет саңлақтары тәрбиеленіп жатқан орталық! Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз осы жерде жұмыс істейді.

Гүлжан және Айжан.  5 минут айырмашылықпен дүниеге келген егіздер. Осыдан 7 жыл бұрын  отбасымен Өзбекстаннан, тарихи отан Қазақстанға көшіп келді. Үш жыл болды ұстаздық етеді.

«Үш жарым жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды тәрбиелейміз. Менің өзімнің қол астымда 60-қа жуық қыздарым бар. Айжанның қол астында сексенге жуық қыз бар» – дейді егіздің сыңары Гүлжан.

Ия. Шәкірт тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, спортта. Себебі, біреуді баптаумен қатар бабыңды сақтау тағы бар. Ал, бұл күнделікті ерік  жігерді, одан маңыздысы шыдамдылықты талап етеді. Екінің бірінің қолынан келмейді.

-Маған кішкене жетпей тұр ма?
-Ия, екі-ай үш ай дайындалсаң!
-Құрсын…

Бүгін біраз қиналдық. Қиналу демекші Айжан мен Гүлжан бір  бірінің көңіл-күйін қатты сезеді екен. Бұл егіздерді өзгелерден ерекшелейтін негізгі қасиет болса керек. Тіпті біреуі ауырып қалса, екіншісіде сырқаттанатын кездер болыпты.

«16 жасымызда дәл осы Қазақстанға көшетін кезде Айжан больницаға түсті. Гайсморитпен. Сосын мен түстім гемоглабинмен. Оны біліп істеген жоқпыз. Бірдей ойлаймыз. Мысалы мен айтқан нәрсені мен бір қызға айтып жатсам, Айжан келіп сол әңгемені қайта айтады» – дейді егіздің сыңары Гүлжан.

Психолог Жаңагүл Тұрманова мұндай фактілерді жоққа шығармайды. Егіздердің бойында расыменде бір-бірін іздейтін, бірін-бірі сезетін қасиеттер болады. Тек белгілі бір жағдайда ғана.

«Егіздер бір-бірін қандай жағдайда қатты іздейді? Ол тұқұм қуалаушылыққа байланысты нәрселер, или бойларына белгілі бір қабілеттер бірдей берілсе сол кезде іздейді. Ал, біреуінің басына қатер төнсе екіншісі сезеді, я бір-бірісіз өмір сүре алмайды деген оны әлі де зерттеу керек» – психолог Жаңагүл Тұрманова.

Егіздерді байланыстыратын тағы бір дүние ол талғамның ұқсастығы болса керек.
Егіздер тек түр-келбетімен ұқсамайды. Көп жағдайда оларды киім-киістерінен-ақ алыстан аңғаруға болады. Мұндай балаларды ата-аналары көп жағдайда  бастан-аяқ бірдей киіндіруге тырысады. Алайда, психологтардың айтуынша бұл дұрыс емес! Мұндай әрекеттер баланың тұлға болып қалыптасуына кедергі. Сол үшін мейлінше әр түрлі етіп киіндіру қажет.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да 27 жыл бұрын егіз қыздарға үйленген егіз бауырлар тұрады (фото)

Егіз қыздарға үйленген егіз жігіттер қалай танысқандарын айтып берді (фото)

Әрсен: Бәріңе менің көзімді берсе, Мереке жайлы бұндай жаман пікірлер жазбас едіңдер

Тойда іш киіміне дейін шешініп, қара жорға билегендер жұртты ашуландырды (видео)

 

STAN.KZ
Жұма, 18 Мамыр, 2018 14:55
Талқылау