Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог балабақшадағы "төбелесті" тәрбиешінің балаларға деген қарым-қатынасымен байланыстырды

Психолог Зарина Штеер Алматы балабақшасындағы бір топ баланың өзге баланы ұрғанына қатысты пікір білдірді. Маманның пікірінше, кикілжіңге кез-келген нәрсе себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Балалар өзін-өзі ұстау мәдениетін бойына сіңірмегендіктен, агрессия танытады. Алайда бұған тек ата-ананы кінәлаған дұрыс емес. Педагогтарға да артылатын жауапкершілік жоғары. 

"Біздің көргеніміз, бұл адамның биологиялық әрекетінің реакциясы. Ондай сәтте не ұрады, не қашады. Бұл табындық сезімі, яғни балалар осы топқа кіретінін біледі. Балалар соны көрсетті. Балалар мәдениеті ата-аналар мен ұстаздар беретін тәрбиені көрсетеді. Дәл осы топқа қатысты айтар болсам, мұнда педагогтың балаға деген қарым-қатынасы болуы мүмкін. Яғни, дәл осы балаға солай жасауға болады деген мағынада", - дейді маман. 


"Артында бес баласы қалды": Алматыда балаларды ұрып артынша өзіне қол жұмсаған тәрбиеші туралы жаңа деректер айтылды


Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 4 жасар балалардың өзге баланы ұрған видеосы жарияланды. Оқиға Әуезов ауданындағы №58 балабақшада болған. Аталған жайттан кейін, балабақша меңгерушісі мен тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 29 Желтоқсан, 2021 18:02
Талқылау