АҚШ құрамасы Қазақстанға қарсы матч алдында жеңімпаз ойыншысынан айырылды
Фото: Getty Images
АҚШ әйелдер теннис құрамасы Қытайда өтетін Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі Қазақстанға қарсы ойын алдында үлкен шығынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Америкалықтардың сапынан Australian Open турнирінің жеңімпазы Мэдисон Киз (WTA №6) шығып қалды.
Бұған дейін АҚШ құрамасы әлемнің үшінші ракеткасы, "Ролан Гаррос" турнирінің чемпионы Коко Гауффты да жарияламаған болатын. Енді команда Кизден де айырылды. Оның орнына әлемнің 37-ракеткасы Маккартни Кесслер шақырылды. Сонымен қатар, екі "Үлкен дулыға" турнирінің финалисі Аманда Анисимова да жарысқа қатыспайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы АҚШ-пен 18 қыркүйекте өтетін матчқа мына құраммен шығады: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Зарина Диас және Анна Данилина.
Еске салайық, Billie Jean King Cup финалдық кезеңі Қытайда өтеді.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

