Прокурорлар Қонаевтағы балалар лагерінің директорын мас күйінде тапты
Алматы облысының прокуратурасы Алматы облысы, Қонаев қаласындағы балалар лагерін тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін блогер Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысы, Қонаев қаласындағы "Бәйтерек" балалар лагерінде көпбалалы отбасы балалары жағдайы нашар тар бөлмелерге орналастырылғанын хабарлаған болатын.
Бас прокуратураның мәліметінше, Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы ережелерді бұза отырып жүргізген.
"Іс жүзінде әрбір екінші балалар мекемесінде ойын және спорт алаңдарының қауіпсіздік талаптарының сақталмауы анықталды. Жатақхана ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, төрт балаға арналған бөлмелерге іс жүзінде сегіз және одан да көп адам орналастырылды.
"Бәйтерек" (Қонаев) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Оның үстіне лагерь директоры жұмыс орнында алкогольдік масаң күйде болған.
Ер адам ӘҚБтК-нің 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі бойынша) басталды" - делінген хабарламада.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
