Прокуратура Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі не себепті жабылғанын түсіндірді
Фото: newqazaq.kz
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады дейді прокуратура.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажет тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар мен басқа да материалдардың негізінде Ғайыпбаев Нұрқанаттың өлімі өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталған. Үшінші тұлғалардың ықпалымен суицид жасауға итермелеу фактілері анықталған жоқ”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, осыған байланысты биыл 17 маусымда тергеу органы қылмыстық-прцессуалдық кодекстің талаптарымен істі тоқтату туралы шешім қабылданған.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдімен бастапқыда бірге жұмыс істеген, бірақ Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты "өзі асылып өлді" деген сөзіне келіспей, арақатынас үзілген. Ол адвокат Мейірман Шекеевке жүгініп, істі қайта қолға алуға ықпал еткен. Іс бастапқыда "Адам өлтіру" бабымен тергелгенімен, кейін "Бұзақылыққа" өзгертілген. Нұрымов Нұрқанаттың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді және істің қайта қаралуын қалайды.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
