Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламенттік сайлау, Беларусьтегі халықтың бас көтеруі және Қазақстандағы ең алғашқы крематорий: Аптаның ең басты жаңалықтары

Бүгінде Белорусьтегі жағдай жаһан жұртшылығын шошытып отыр. Президенттік сайлауда басымдықпен жеңген Александр Лукашенкоға халық неге наразы? Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская елден кетуінің себебін түсіндірді. Осы аптада ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатын сайлаудың алдын ала қорытындысы шықты. Кімдер топ жарды? Нұр-Сұлтанда қайтыс болған адамдардың денесін өртейтін крематорий салу жоспарланып жатыр. Жергілікті әкімдіктің көздеген мақсаты не? Бұл шешімге қазақстандықтардың басым бөлігі қарсылық танытуда. «Басымды қатырмаңдар!» Тұрғындарға дөрекілік танытқан Алматы облысының бас сантирлық дәрігері сынға ілікті. Бұл әрекетіне туралы атышулы шенеунік не дейді? Сондай-ақ, таяуда ғана Әсия Төлесоваға қатысты сот үкімі шықты. Азаматтық белсенді өзіне тағылған айыппен келіспеді. Аптадағы айтулы ақпараттарды Stan.kz ақпарат агенттігінен оқыңыз.

Соңғы бес күнде Белорусьтегі сұмдық жағдай дүниежүзінің жіті назарында. Бас көтерген көшедегі тұрғындардың наразылығына аталған елдегі президенттік сайлау себеп болды. Яғни, Александр Лукашенконың үлкен басымдықпен көш бастауы халықтың көңілінен шықпаған. Минскідегі жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан қала қирап, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсылық танытқан жұртқа жарылғыш заттар қолдану арқылы оларды таратуға тырысқан еді.Ал, Белорусь мемлекетіндегі президенттікке үміткер Светлана Тихановская сайлаудың ресми нәтижелерін мойындамады.Аталған даудан кейін ол Литваға кетіп қалған. Санаулы сағаттан соң бұрынғы кандидат халыққа бейнеүндеу жолдап, бұл шешіміне түсініктеме берді.

"Бұл жағдай мені жігерлендіріп және бәріне қарсы тұра алатын күш береді деп ойладым. Бірақ мен әлі де әлсіз әйел болып қала бердім. Мен өзім үшін өте қиын шешім қабылдадым. Бұл шешімге достарымның,туыстарымның, кеңседегілердің қатысы жоқ. Ешкімнің ықпалынсыз өзім кеттім. Көпшілік мені түсінеді, көбісі жек көреді, бірақ ешкім дәл мен таңдау жасағандай күйде қалмаса екен", - дейді Светлана Тихановская. 

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының 17 депутатын  сайлаудың алдын ала қорытындысы шықты. Бұл процесті жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Сенат депутаттарының сайлауын 185 байқаушы бақылаған. Оның ішінде 180 – жергілікті мамандардан жасақталса, 5 адам – халықаралық бақылаушы.

Ал, Нұр-Сұлтанда қайтыс болған адамдардың денесін өртейтін крематорий салу жоспарланып жатыр. Аталған құрылысқа 1 жарым миллиард теңге бөлінбек екен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері «Исламда қайтқан адамның денесін жағу дінге қайшы» екенін айтты. Бұл жаңалық елдегі жұртты шошытып отыр. Халыққа танымалдар әлеуметтік желі арқылы қарсылығын білдіруде.

"Ағайын, бұған қарсы шықпасақ болмайды. Парақшаларға салып, өз қарсылығымызды білдірейік. Қай ата-бабамызды өртке ораған едік? Жер жетпейтіндей Бангладеш, Жапония немесе Индонезияда тұрмаймыз. Әлем бойынша 9 орын алатын жеріміз бар!" - дейді танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы. 

Айта кетейік, «Құрылыс биыл басталып, нысанды 2022 жылы пайдалануға беру жоспарда бар. Жобаның мақсаты – зираттардың аумағын азайту», -делінген крематорий туралы хабарламада!
Күні кеше Алматы облысының бас санитар дәрігерінің тұрғындармен кездескен сәттегі видеосы ғаламторды дүр сілкіндірді. Жаңа қызметіне енді кіріскен Ерғали Сыдыманов ерсі қадамымен елдің есінде қалды. Халыққа дөрекелік танытқан шенеуніктің қылығы денсаулық сақтау министрлігінің де назарына іліккен. Бүгінде бұл басшыға қатысты тәртіптік іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал, бірден сынға іліккен Сыдыманов әрекетіне қатысты бейнежазба жолдаған еді.

"Шынымен бір жерде шалыс бассам тағы да кешірім сұраймын. Қалай болғанда да, мен халықтың ұлымен және өзімді әрқашан осы халықтың бір бөлігі ретінде санадым. Менің қатемнен кейін әріптестерім мен басқа мемлекеттік орган басшылары осы жағдайды назарға алып, сөйлер алдында ойланады деп ойлаймын!" - деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері. 

Алматыда 6 маусым күні өткен заңсыз митингте тәртіп сақшысына қол көтерген Асия Тулесова қамауға алынған еді. Азаматтық белсендіге қатысты бірнеше сот отырысы да өтті. 
«Құрметті Әсия, сіз қандай мақсатпен полицей Темірхановтың қызметтік бас киімін жерге құлатып, оны неге ұрдыңыз? Сізге ондай құқықты кім берді?», - деді прокурор кезекті сот отырысының бірінде. 

Бұл сауалға Әсия Төлесованың да жауабы дайын. 

"Мен заңға қайшы әрекеттерді көргеннен кейін полиция қызметкері Темірхановқа қол көтеру арқылы өзімнің қарсылығымды білдіргім келді. Ашуға берілгендіктен дәл осындай жағдай орын алды", - деді Әсия Төлесова онлайн сот отырысында.

Осы аптада аталған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. Әсия Төлесова билік өкіліне қарсы зорлық-зомбылық жасағаны және қорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, оған 55 мың теңге, яғни 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған әрі жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін оған 1 жарым жылға бас бостандығынан шектеу шарасы тағайындалды. Бірақ азаматтық белсенді өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.  

Талқылау