Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда крематорий салынатын болды

Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарататын паталогоанатомиялық бюро салу жоспарлануда. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды, деп жазады Stan.kz.

Зираттары бар крематорийді қамтитын жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Нысан 2022 жылы пайдалануға берілмек. Жобаны Нұр-сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиев атқарады.

Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді.

Белгілі болғандай, жобаның мақсаты - дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту.

Крематорий құрылысының жоспары осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Ол уақытта Әділет министрлігінде алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты.


"Мәйіттерді лақтырып кеткен": БҚО-да мәйітхана қызметкері қаптағы мәйіттердің еденде жатқан видеосын түсірген 

 

Талқылау