Президенттік сайлау әділ өтеді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлаудың әділ әрі ашық өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл сайлау ұлтымыздың кемелдігін, күш-қуаты мен бірлігін паш етіп, алға қойған мақсаттарымызға жету жолындағы табандылығымызды көрсететініне сенімдімін. Қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен сайлаудың ашық, шынайы және әділ өтетінін мәлімдеймін", - деді Тоқаев қоғамдық коалиция форумында сөйлеген сөзінде.
Жақын арада президент елді жан-жақты өзгерту және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту шараларын көрсететін сайлауалды тұғырнамасын ұсынатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев президенттікке екінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну ниетін растаған еді. Сонымен қоса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына парламент пен мәслихат сайлауы белгіленді. 5 қазанда бірқатар республикалық ұйымдар Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде көргісі келетіні белгілі болды.
- Алматыда "Bizdin Tandau" партиясының өкілдері президенттік сайлауға қарсылықтарын білдірді
- "Қауіпсіздігіне кепілдік алуға әрекеттер жасады": Қазақстанның экс премьер-министрі Тоқаевтың Назарбаевтан қандай артықшылығы барын айтты
Сонымен бірге, 5 қазанда мемлекет басшысының өзі сайлауға бір ұйымнан емес, қоғамдық-саяси күштердің кең коалициясының атынан барғысы келетінін мәлімдеді.
6 қазанда Мәжіліс спикері, "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Тоқаевты осы саяси ұйымнан президенттікке кандидат қылуды ұсынды, ал Қазақстан халық партиясы барлық саяси күштерді қазіргі мемлекет басшысының кандидатурасын қолдауға шақырды. "Ақ жол" партиясы да Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.
6 қазан күні өткен Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Тоқаев бұл ұсынысты қабыл алды.
Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлаудың күнін 20 қарашаға белгіледі.