Қазақстан Халық партиясы да президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Астанада Қазақстан Халық партиясының XI кезектен тыс съезі басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Партия жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев кездесу тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін өте қиын уақытта өтіп жатқанын атап өтті.
"Қазір ішкі саяси ойындар мен бөлшектенудің уақыты емес. Бірлік пен парасаттылық қажет. Біздің партиямыз кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент кезектен тыс сайлау өткіземін деп жариялаған күні-ақ қолдайтынын айтқан. Біздің съезд трибунасынан мен барлық партиялар мен қозғалыстарға, барлық республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Халық партиясының осы негізгі Жолдауын назарға алуға үндеймін", — деп атап өтті Ертісбаев.
Айта кетсек, бұған дейін Amanat партиясы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”