Президенттен сыйлық: Тоқаев Қостөбе ауылының тұрғынына сыйлық жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостөбе ауылында жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болып, оның жеке шаруашылығын көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саламат Рахманбердиев 2020 жылы "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 3,6 миллион теңге несие алған. Бұл қаражатқа ол 6 бас ірі қара, 3 жылқы, 10 қой сатып алған екен.
Кәсіпкер мал бордақылаумен айналысады. Түскен қаржыға мал басын көбейтіп, жүк көлігін сатып алыпты. Саламат отбасын асырап қана қоймай, екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Ауыл тұрғыны Қасым-Жомарт Тоқаевқа мал басын көбейту үшін мал бордақылау орнын ашып, жеңілдетілген мөлшерлемемен 10 миллион теңге несие алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Мемлекет басшысы Саламат Рахманбердиевке табыс тілеп, астық ұнтақтаушы аппаратты сыйға тартты.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді