Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қарыздар туралы айтты

Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздарды басқару бойынша тұжырымдама әзірлеу қажеттігін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қарыздарын басқарудың сапасын арттырған жөн. Әрі мемлекеттік қарызды басқару тәсілдеріне бірыңғай құжат та жоқ көрінеді.

“Бұл мәселе мемлкеттік бюджет пен біздің болашақтағы бюджеттік мүмкіндіктеріміздің ұзақмерзімді тұрақтылығын айқындап береді. Алдағы 25 жыл ішінде мемлекеттегі қабылданған және жоспарланған міндеттемелерді орындауға шығындардың алты есе өсімі күтіліп отыр. 2025 жылға қарай үкіметтік қарыз құрылымында сыртқы қарыздың үлесі 21-ден 49%-ға дейін артуы болжануда. Осы орайда сыртқы қарыздың барлығы шетелдік валютада. Квазимемлекеттік секторда да қомақты қарыз жүктемесі бар”, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыс барысында мемлекет басшысы мемлекеттік және квазимемлекеттік қарызды басқару бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды. Бүгінде Ұлттық қор тұтыну режимінен жинақтау режиміне өткен. 2020 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер мөлшері бюджеттің табысына қарай 40%-ды құраған.

Жанна Мәлік
Сенбі, 10 Шілде, 2021 14:33
Талқылау