Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттің қарулы күштерінің қазіргі ахуалы, сонымен қатар олардың әрі қарай дамуындағы басым бағыттар туралы мәлімденді.

Президент қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Нұрлан Ермекбаев елбасыға жауынгерлік дайындықтың деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне қатысты атқарылып жатқан шаралар туралы баяндап берді. Сондай-ақ, бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметі жөнінде айтты.

Кездесу соңында президент қорғаныс министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау