Президент кедендік тексеруге қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжат кедендік ақпараттық база мен «Бір терезе» жүйесінің жұмысын жақсартуға бағытталған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне, адамдардың қатысуын барынша азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға бағытталған.
Жүйелерді ақпараттандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау үшін уақытты қысқартады.
Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібін қайта қарау іскерлік ахуалға да оң әсерін тигізеді. Камералдық кедендік тексеру уақыты 6 айдан 2 айға дейін қысқарады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ