Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Праймериз қатысушыларына дауыс беретін сайт бірінші күні-ақ істен шықты

Nur Otan-ның партияішілік дауыс беру өтіп жатқан ресми сайты істен шықты. Мыңдаған пайдаланушылардың бір мезгілде жүйеге тіркеліп, авторизациялануына байланысты техникалық ақаулар орын алды. Мұның бәрі дауыс берудің алғашқы күнінде болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей Facebook-тегі парақшасында болған жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, дауыс беру өте белсенді басталды.

"Бүгін сағат 00.00-ден күндізгі 04.00-ге дейін "праймериз" жүйесіне 50 000 мыңға жуық партия мүшесі жүгінген. 11.00-ге қарай бір мезеттік жүктеме 76 мыңнан астам сұранымға жетті. Техникалық мониторинг көрсеткендей, дауыс беретін партиялармен, нәтижелерді қадағалайтын кандидаттармен қатар сайтқа көптеген үшінші тарап пайдаланушылары кіреді. Мұның бәрі жүйенің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі және сәйкесінше процесті едәуір кешіктіріп, сұраныстарды өңдеу уақытын арттырады. Қазір біздің IT-мамандар техникалық іркілістерді жою, арналардың өткізу қабілетін кеңейту бойынша шаралар қабылдауда", - деп жазды ол.


Әлібек Әлденей республика бойынша алғашқы ауқымды онлайн-дауыс беру екенін еске салды. Осыған байланысты, жоғары жүктемелерді ескере отырып, бастапқыда үш күн – 1-3 қазан аралығында дауыс беру туралы шешім қабылданған.

"Дауыс беру нәтижелері" бөлімін жаңарту 30 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Бұл алгоритм жүйеге жүктемені азайту үшін енгізілген. Талдау нәтижелері, көптеген пайдаланушылар жүйеде бірнеше сағат бойы отыратынын көрсетті. Сондықтан да кандидаттар мен басқа да дауыс берушілерге өтінішті қайта-қайта жібермеуге, өзге де партия мүшелеріне дауыс беруге мүмкіндік беруді сұраймыз", - деп атап өтті партия хатшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр