Польшалық спортшы Эверестті оттегі баллонынсыз бағындырып, тарихқа енді
Фото: Іnstagram.com/andrzejbargielВидеодан скрин
Польшалық экстремалды шаңғышы Анджей Баргель Эверест шыңын бағындырып тарихқа енді. Ол қосымша оттегісіз тауға көтеріліп, одан шаңғымен түскен алғашқы адам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
37 жастағы спортшы 8 849 метрлік әлемдегі ең биік шыңды бағындыруға осымен үшініші рет талпыныс жасады. 2019 және 2022 жылдары қауіпті жағдайларға байланысты ол шыңға шығудан бас тартуға мәжбүр болған.
“Өлім аймағы” деп аталатын 8 мың метрден жоғары бөлікті Баргель 16 сағатта еңсерген. Бұл аймақта оттегінің жетіспеуінен ауа тым сирек. Спортшы мұның “жылдар бойы іште жатқан арман” болғанын айтты.
“Мен шыңнан түсуді екі бөлікке бөлдім, себебі техникалық тұрғыдан күрделі мұзсоқпақты салыстырмалы түрде тек таңертең қауіпсіз жағдайда кесіп өтуге болады”, — деді Баргель.
Himalayan Database деректеріне сүйенсек, Эверестке 6 мыңнан астам альпинист көтерілген, бірақ олардың тек шамамен 200-і ғана қосымша оттегісіз шыққан. Шыңнан шаңғымен түскендер де болды. Алайда Анджей Баргель үздіксіз қосымша оттегісіз түскен алғашқы адам болды.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери гарнизондағы әділетсіздікке шағымданды
