Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің экс-орынбасары Жаслан Мәдиевті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі етіп тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған.
Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы “Альянс Банк” АҚ халықаралық қатынастар департаментінің халықаралық қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі басқармасында маман ретінде бастаған.
- 2007–2018 жылдары “Қазына” тұрақты даму қоры, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ, Kazyna Capital Management, “Қазақстан Даму Банкі” АҚ, “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ құрылымдарында қызмет атқарды.
- 2019–2020 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі;
- 2020–2022 жылдары – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары;
- 2022 жылғы қаңтардан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болды. Сол жылдың қыркүйегінде бұл қызметтен кеткен, ал бір айдан соң Binance Kazakhstan басшысы болып тағайындалған;
- 2024 жылғы 6 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған