Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Польша шекарасы бойынша жүк көлігі транзиті жабылды: Қазақстандық тасымалдаушылардың шығыны артады

 21 ақпаннан бастап Польша-Беларусь "Кукурики-Козловичи" шекаралық өткелінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

козловичи

Бұл тыйым Польша Республикасы және Еуропалық Одаққа мүше елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы, Еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісімге мүше елдерге және Швейцария конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына әсер етпейді.

Ал басқа өңірлерде тіркелген көлік құралдары бұл өткелден өте алмайды.

"Кукурики-Козловичи" өткелі "Бобровники-Берестовица" өткелі жабылғаннан кейін қазақстандық жүк тасымалдаушылар пайдалана алатын соңғы мүмкіндік болған”, – деді "Атамекен" ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Амрин.

Мұрат Амриннің айтуынша, мұның салдары қазақстандықтар үшін миллиондаған шығынға әкеп соғады.

“23 ақпан есебі бойынша Польша аумағында 150-ден аса қазақстандық автокөлік бар. Ал жүзден астамы Еуропалық Одақ бағытында жүреді. Логистика бұзылған, тасымалдау құны қымбаттайды", – деді "Атамекен" ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры.

“Атамекен” ҰҚП өкілі Польшада ҚР елшілігі мен ҚР ИИДМ арқылы нақты үйлестіру бар екенін атап өтті. Қазақстан елшілігі Польшаның мемлекеттік органдарына отандық тасымалдаушылар үшін шектеуді алып тастау қажеттігі туралы нота жолдады.

Еуропалық Одақ пен ЕАЭО елдерін байланыстыратын жалғыз құрлық жолы –  Литва-Беларусь, Латвия-Беларусь және Латвия-Ресей шекара өткелдері арқылы өтетін жол. Сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін балама бағыт бар. Алайда бұл бағыт Еуропа елдеріне дейінгі қашықтықты 1,5 есе ұзартып, шығынды 2-3 есе арттырады.

Қазіргі таңда Литва тарапымен қазақстандық тасымалдаушылар үшін ЕО аумағынан Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы бағытында кедергісіз шығуы үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Литва тарапына деректерді беру мақсатында өткелде жиналған автокөліктердің тізімі жасалды.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 24 Ақпан, 2023 17:10
Талқылау