Полициядан жасырынбақ болған: Қостанай облысында мас әкесінің көлігінде жеті жасар баласы көз жұмды
Қостанай облысында жеті жасар бала ауыр жарақат алып, жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, көлік жүргізушісі мас күйінде болған және патрульдік экипаждан жасырынбақ болған.
Қайғылы оқиға 19 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Архиповка ауылында түн ортасында болған, деп хабарлайды alau.kz порталы.
Облыстық жедел штабтың мәліметінше, 32 жастағы жүргізуші Volkswagen көлігінің рөліне мас күйінде отырған. Шетел көлігінің салонында оның жеті жасар ұлы болған.
Күдік тудырған автокөлікті жол-патрульдік полиция жасағы тоқтатпақ болған сәтте, ер адам тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан.
"Нәтижесінде ер адам көлікті басқара алмай, көлік жыраға аударылып кеткен. Салонда болған тәртіп бұзушының жеті жасар ұлы ЖКО салдарынан көз жұмды. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің "жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады жедел штаб отырысында.
Жол апатына кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
