Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыдағы екі ер адамның төбелесіне қатысты түсініктеме берді

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов екі ер адам төбелесінің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеоны сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші түсірген болуы керек. Полиция бұл оқиға 3 мамыр тіркелгенін хабарлады. Жанжалға қатысушылар анықталды.

"Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті дәлелдемеле жедел жиналып, тіркеледі. Бұл Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды", - деп атап өтті Рустам Әбдірахманов.

Ол сондай-ақ тексеру барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауында екенін хабарлады.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 05 Мамыр, 2022 09:30
Талқылау