Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция көз жұма қараған: Алматыда зорлық көрген екі қыз әділдік іздеп жүр

Алматыда екі қызға зорлық көрсетілген. Бұл екі қылмыстың бір-бірімен байланысы жоқ. Бірақ екі жәбірленуші де әділдік іздеп жүр. Қыздардың бірі отырысқа барып, зорлық көрсе, екіншісін тазалықшы болып жүргенде екі жігіт қорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

зорлау

Қыздардың айтуларынша, бұған полицейлер көз жұма қарап, қылмыстық іс қозғамаған. 

Ал заңгер бұған жемқорлық әсер етуі мүмкін дейді.

“Мұндай ауыр қылмыстарды жасыруға тырысатын, арызды қабылдамай қайтарып жіберетін құқық қорғаушылардың әрекеті де қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Бұл орайда жемқорлықтың тергеушілер арасында  да барын байқауға болады”, – дейді заңгер Сергей Уткин. 



Ал қалалық полиция департаменті бұл екі іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Күдіктілер қолға түсіп, олардан жауап алынуда дейді. Қылмыстық істер "зорлау" бабы бойынша қаралып жатқан көрінеді. 

“Аталмыш қылмыстық істер сот алды біріңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 120-шы бабы бойынша тіркеліп іс бойынша сезіктілер анықталып, қазіргі таңда тергеуге алынды. Сонымен қатар қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды”, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Талқылау