Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер қандай жағдайда алатаяқты пайдалана алмайды? Министр жауап берді

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев 1 қыркүйектен бастап полицейлерге алатаяқтың қайтарылуына қатысты пікір білдірді. Ол полицейлер қандай жағдайда алатаяқты қолдана алмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Полицейлер қандай жағдайда алатаяқты пайдалана алмайды? Министр жауап берді

Мәжіліс кулуарында Ерлан Тұрғымбаев алатаяқтың экипаждың оқиға орнын тексеруге, адамдарды құтқаруға арналған жиынтықтың ішіне кіретінін айтты. 

«Алатаяқ тек жол-көлік оқиғасы, көруге байланысты шектеу, бағдаршамдар өшуі кезінде жол қозғалысын реттеу, жөндеу жұмыстары кезінде, үлкен делегациялар келе жатқанда көліктер легіне ілесіп жүру жағдайында көлікті бұру үшін қолданылатын болады», - дейді министр.

Министрдің сөзінше, алатаяқты аталғандардан өзге мақсатта пайдалануға тыйым салынған.

«Бұл көлікті тоқтатуға қатысты. Үш-төрт қатармен көліктердің үлкен легі келе жатқанда алатаяқ ұстаған инспектор көлікті тоқтатса, бұл жол қозғалысына қатысушылар және инспектордың өзі үшін де қауіпті. Сондықтан тоқтатуға тыйым салдық. Бізде барлық жерде бейнебақылау жүйесі бар. Әр көлікте видеокамера орнатылған. Сондықтан кез келген бұзушылық тіркеліп отырады. Осы себепті жол бойында алатаяқпен тұрып, тоқтатуға қажеттілік жоқ», - дейді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап полицейлерге алатаяқ ұстауға рұқсат берілген еді.

Талқылау