"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Ақтау қаласының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған подъездің суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Әкімдіктің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр. Адамдар бір-біріне "подъездің есігін құлыптап, жауып тастаған, тек саңылау қалдырған" деп сурет жіберіп, осыған қарап пікір білдірген.

"Айта кетейік, бүгін КВИ жұқтырған ерлі-зайыптылар тұратын үй толығымен дезинфекцияланды. Үйдің айналасында 500 метр арақашықтыққа дейін орналасқан жол, ойын алаңы, спорттық алаңдар, тіпті теректерге дейін залалысыздандырылды. Аталған үйдің барлық подъезі 1-қабаттан бастап, арнайы мамандармен тазаланды. Карантинге жатқан подъездің тұрғындарына санитарлық мамандары барлық ережелерді түсіндірді. Карантин режимінің талабына сәйкес, науқас анықталған подъез тұрғындары оқшаулану керек. Тәулік бойына полиция қызметкерлері тұрады, күндіз әкімдік қызметкерлері тұрғындардың сұранысына орай, азық-түлік пен керек-жарақтарын уақытылы қажетіне орай жеткізіп тұрады. Барлығының ұялы телефондары жазулы. Әрқайсысымен байланысып тұрамыз. Сондықтан есіктің ашық екенін жеткіземіз және түнде ғана сыртынан жабылады. Саңылау не үшін жасалды? Түнде ыстық тамақ пен басқа да заттарды апарушыларға ыңғайлы болу үшін және тұрғындар қоқыстарын шығару үшін істелді", - деп жазды ведомство Instagram-дағы парақшасында.

 

Сонымен қатар, әкідік қала тұрғындарынан барлық жағдайға түсіністік танытуын сұрады.

"Мемлекеттің қазынасы – халық! Біз үшін әрқайсыңыздың саулығыңыз маңызды. Қазір сол подъездің тұрғындары сіздер тарапынан келіп жатқан пікірлерді оқып отыр. 14 күн оқшаулану оңай емес. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз!", - деді қала әкімдігі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр