Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пневмониямен тағы 307 адам ауырып қалды: Елде бір тәулікте 7 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы және 2 өлім тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте аурудан 145 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 235, 320 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 787 жетті.

Жалпы Қазақстанда бір күнде COVID-19 және коронавирус пневмониясынан жеті адам көз жұмды.

Оның ішінде коронавирус инфекциясынан бес адам және коронавирус пневмониясынан екі адам.

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 550 адам, оның ішінде 32 бала емделуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Стационарларда - 2 431 пациент, амбулаториялық деңгейде - 2 119.

130 адам ауыр жағдайда, 20 – аса ауыр дәрежеде, 26 – ӨЖЖ аппараттарында.

STAN.KZ
Сенбі, 12 Қыркүйек, 2020 08:54
Талқылау