Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда түлектерге аттестат тапсыру кезінде мектептің төбесі құлап кеткен

мектептің төбесі

Фото: kaz.inform.kz

Петропавлда түлектерге аттестат тапсыру кезінде № 9 мектептің төбесі құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ҚазАқпаратқа” сілтеме жасап хабарлайды. 

Мектеп директоры Гүлден Аленованың айтуынша, акт залының төбесі ішінара құлаған. Салтанатты іс-шара соңына таяп, оқиға кезінде барлық түлек соңғы әнді айтуға сахнаға шыққан. 


Павлодар облысында ескі мектеп ғимараты аукционда бір бөлке нанның бағасына сатылған


“Бүгін 57 түлек аттестат алды. Балалардың барлығы сахнада болған еді. Сексен шақты ата-ана болды. Ал акт залының төбесі құлаған арт жағында ешкім болған жоқ. Төбені қаптаған "армстронг" плитасы құлады. Қазір тексеріліп жатыр, соның нәтижесі бойынша шара қолданылады”, – дейді мектеп басшысы.

Мектеп ғимаратының салынғанына 40 жылға жуықтаған.

1,5 мың оқушы оқитын білім ордасында осы аптада ағымдағы жөндеу жұмысы басталуы тиіс болатын. Ал акт залының төбесі бұл плиталармен бес жыл бұрын қапталған екен.

Еске салсақ, осыған дейін Дулати атындағы Тараз университеті студенттердің видеосынан кейін күрделі жөндеуге жабылған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 21:03
Талқылау