Петропавлда кісі өлтірмек болды деп күдікке ілінген азамат тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады
Петропавлда адамды қасақана өлтірмек болған күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың бірнеше тұрғыны дәмханадағы жанжалда сөзге келіп, артынан пышақ алып төбелескен.
"11 маусымға қараған түні полицияға Береке ауданындағы Ибраева көшесінің бойындағы аулада қаланың үш тұрғынын пышақтап кеткені туралы қоңырау түсті. Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалаған. Жарақат алған Петропавл қаласының 29, 32 және 34 жастағы тұрғындары ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады агенттікке облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктілер анықталып, 35 және 43 жастағы екі ер адам ұсталды.
Аталған дерек "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Алдын ала тергеу барысында, бұрын кафелердің бірінде ер адамдар арасында жанжал туындағаны анықталды.
"Күдіктілердің бірі Петропавл қаласының полиция басқармасы ҰҚК-да болған кезде өз-өзіне қол жұмсады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілген", – деп хабарлады полиция.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
