Петропавлда «бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Павлодарлық полициялар “бала жоғалды” деп жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Жедел іздеу іс-шарасының нәтижесінде әлеуметтік желілерде Ақсу қаласында кәмелеттік жасқа толмаған баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат таратқан 38 жастағы күдікті әйел ұсталды”, – деді ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзумова. Оның сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жалған ақпаратты “WhatsApp” месенджері арқылы Екібастұз қаласында тұратын апайына жіберген.
Ұсталған әйел Ақсу қаласының Қалқаман кентінде тұрады. Бұған дейін сотталмаған. Кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат 15 желтоқсанда тараған.
Оқи отырыңыз:
Желіде Астанадағы ірі базардың өртеніп жатқан сәтінің видеосы пайда болды (видео)
«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр
Миллиардтарды үнемдеу: Стартаперлер электрді үнемдеудің тәсілін тапты
Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды