Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ауру балаға жиналып жатқан ақшаны жәшігімен қымқырған ұры ұсталды

Петропавлда ауру балаға жиналып жатқан ақшасы бар дүкен ішінде орналасқан жәшікті ұрлап кеткен күдікті қолға түсті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

54545

Тәртіп сақшылары сұғанақты бір аптадай іздеді. Сөйтсе, ол қалаға іргелес Бескөл ауылының тұрғыны екен. Жәшікте небәрі екі жарым мың теңге болды деген бозбала ақшаны тәттімен шырынға жұмсапты.

Еске салсақ, қайырымдылық жәшігінің ұрланғаны туралы алдыңғы күні хабарлағанбыз. Арнайы жәшік туа бітті кемістігі бар екі жасар Саша Баториннің отасына қажет қаржыны жинау үшін қойылған.

Арам пиғылын жүзеге асырып жатқан сәтінде бақылау камерасына түсіп қалған ұрының әйелі мен төрт айлық баласы да бар екен. Енді ол жақындарын 3 жыл көре алмауы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда баланы қағып өлтірген азамат жазаланбайтын болды

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Талқылау