Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған әйелдің ісіне қатысты жаңа деректер айтылды

Анасы ұрып-соғып, ауруханаға түскен 3 жасар қызға қатысты жаңа деректер пайда болды. Анасы туған кезде баласын тастап кеткен. 2 жасына дейін туған әкесі қараған.

Әскерден келген жігіт күдіктелуде: БҚО-да 4 және 5 жастағы екі жас қыз зорланды

Қызы туған кезде анасы оның қиын қаржылық жағдайын сылтауратып, балалар үйіне тастап кеткен.

Астана телеарнасы хабарлағандай, 5 айлық кезінде ол қызын қайта алып кетіп, екініші рет үйленген әкесіне береді.

Қыз бала өмірінің алғашқы 2 жылын әкесінің үйінде өткізді. Содан кейін әкесі қызын 2020 жылдың желтоқсанында анасына тапсырды. 

«Бұл отбасы жағдайы төмен отбасы санатына жатпағандықтан, ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмаған. Баланың анасына қатысты шыққаннан кейін сот шешімі қорғаншы және қамқоршы органдар сот ісін қозғайды. Оны ата-ана құқығынан айыруы мүмкін», - деді Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Мафруза Науанова.

Баланы анасына беру кімнің бастамасы болды деген сұрақтың жауабын тергеушілер тергеп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл 23 жастағы күдіктінің жалғыз баласы.

Көршілері әйелдің мінез-құлқындағы таңғаларлық жағдайларды байқамағандықтарын, баланың жылаған дауысын естімегендерін айтты.

Тек бір көршісінің айтуынша, күдіктімен бірге тұрған азамат балалардың көгерген денесіне арналған жақпа май іздеген.

Қазір 3 жасар қыздың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқшаулау бөлімінде жатыр. Қыз бала әлі жансақтау бөлімінде, дәрігерлер оның өмірі үшін бір аптадан бері күресіп келеді.

Бұған дейін әйелдің үш жасар қызын өлімші етіп сабағаны туралы хабарлаған едік. 22 жастағы ана баласын есінен танғанша ұрып, артынан  өзі жедел жәрдем шақырған.

 

Талқылау