Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петербор тұрғыны КСРО күйрегелі бері үйінен шықпаған

Санкт-Петерборда пәтерін қоқыс полигонына айналдырған қарт ерлі-зайыпты сот шешімімен емделуге жіберілді.

 20170224115827

Санкт-Петербор бойынша Сот жасауылдары федеральды қызметі басқармасының мәліметінше, ер адам КСРО күйрегелі бері үйінен шықпаған. Қартаң әйел психикалық ауруға шалдыққандықтан жылдар бойы даладан үйіне қоқыс тасып отырыпты. Салдарынан екі бөлмелі пәтердің еденін 1,5 метрге дейінгі қалыңдықта көң-қоқыр басып қалған, деп хабарлайды Baq.kz.

Ерлі-зайыптыны көшіруге дәрігерлер бригадасы қатысты. Сот жасауылдары мен дәрігерлер пәтерге келгенде қарт ер адам қоқыстың арасында жатқан.

«Көптеген жыл бойы ол бөлмесінен шықпаған. Жеке тұлғасын анықтайтын құжаттардан КСРО азаматының паспорты ғана табылды. Ол дереу ауруханаға жатқызылды. Пәтерді қоқыс алаңына айналдырған әйел психиатриялық клиникаға жеткізілді», – дейді Сот жасауылдары федеральды қызметі басқармасының мамандары.

Тағы да оқыңыз:

Алматылықтар құдалыққа уақытынан ерте келген қызылордалықтарды үйлеріне кіргізбей қойған

Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емханасын ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды

Алматыда қыз бала жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп кетті (фото)

 

 

Талқылау