Алматылықтар құдалыққа уақытынан ерте келген қызылордалықтарды үйлеріне кіргізбей қойған

Қызылордалықтарды шошытқан бұл жағдайды Stan.kz редаццияcына Қызылорда қаласының Айгүл есімді тұрғыны айтып берді.

құдааааа

Қызы беріп, назданамыз ба деп барған қызылордалықтар есіктен кірмей жатып, жаңа құдалардың мінезді екенін байқағандарын айтады.

«Көктемде туысқан сіңліміз Алматыға келін болып түскен еді. Жаңа күйеу баламыздың туыстары қызды алып қашуды білгенімен, беташар жасап, дүркіретіп той өткізуді де білмеді. Құдалықты да кейінге шегерді. Жақында әйтеуір көптен күткен той болатын болып, әсем қалаға жол тарттық. Қыздың жасауын апаратын болғандықтан, көлік жалдап бардық. Жол азабын өздеріңіз де білесіздер, 19 сағат дегенде әрең жеттік», – дейді Айгүл.

Құдалық күндізгі сағат 4-те басталатын болған. Бірақ Айгүл жақындарымен жолдан келгендіктен ертерек бара беруді жөн көріпті.

«Ең таңғаларлығы бізді ешкім күтіп алған жоқ. Үйлерін әрең дегенде тапқанымызда, «қонақтарымыз әлі келген жоқ, уақыт болған жоқ, көліктеріңізде отыра тұрыңыздар» деп құдағиымыз жақтырмады», – деген кейіпкеріміз  сол сәтте қатты ашуға берілгенін айтады.

Бір сағаттан астам уақыт күннің ыстығында көлікте отырған қызылордалықтардың әбден мазалары қашыпты. Уақыт болғанда аулаларында музыка ойнап, жаңа құдаларды қазір көргендей көңіл-күймен қарсы алыпты.

«Әдетте, біздің өңірде құданы Құдайдан кем көрмейді. Барлық тәттілерін алдарына тосып, дастарханды жайнатып қояды. Бірақ алматылықтардың дайындығы көңілімізден шықпады. Етті алдымызға әкеліп, турап жей беріңіздер деп қойып кетті. Бұл не сұмдық. Қазақ құдасына ешқашан ет туратқан емес», – дейді Айгүл.

Мұнан соң, кешкі мейрамханада болған тойда да алматылықтар қонақжайлылығын танытпаған. Жаңа құдалар келмей жатып, үйлену тойы басталып кеткен.

«Екіқабат сіңлімізге, жарты жылдан кейін  беташар жасады. Ол деген көктемде табалдырықтарын аттаған адам. Оның жүзін, тіпті мінезін танып үлгеретін уақыттары болған.  Өте қызық», – дейді Айгүл.

Осылайша Алатау баурайындағы қалада өткен құдалықтан қызылордалықтар кері пікірмен қайтыпты. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірдің тұрғындары салт-дәстүрімізді ұмытпауға шақырады.

«Алматылық құдаларымыз жақында біздің ауылға құдалыққа келеді. Әбден көңіліміз қалып, үлкендер ренжіді. Соған байланысты мың жылдық құданы нағыз қазақ қалай күтетінін көрсеткіміз келіп отыр»,-дейді Әйгүл.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты

Ақмолада жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ата-анасына оны өлді деп хабарлай салған

Алматыдан Сирияға жиһадқа аттанып кетпекші болған жігіт сотталды

Балқашта айуандықпен көз жұмған 18 жасар қыздың өлімі әшкере болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар