Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Кайраттың соттағы сөз сөйлеуі жабық режимде өтеді

Перизат Қайрат

Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Жарыссөз барысында жәбірленушілер сөз сөйледі. Алайда сотталушының сөзі жабық форматта өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорын жымқыру ісі бойынша талқылауда 12 жәбірленуші сөз сөйледі.

"Барлық жәбірленуші сөз сөйледі. Процеске қатысушылар, содан кейін сот талқылауында сотталушылар мен олардың қорғаушылары жабық отырыста сөз сөйлейді", – деді судья Сабыржан Кәрімов.

Журналистер соттың бұл бөлігін көрсете алмайды.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатқанын жаздық. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған. 2023 жылы Газа секторына көмек көрсету мақсатында жиналған 83 миллион теңге және басқа да қайырымдылық қаражаттарының қалай жұмсалғаны туралы қоғамда күмән туындаған. Прокуратура жалпы шығынды 200 миллион теңгеден асады деп көрсетсе, жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, сенімге жасалған опасыздық деп санайды. "Стройконструкция" АҚ-ның өкілі Перизат Қайратты "алаяқтардың патшайымы" деп атап, оны әйгілі алаяқтар Остап Бендер мен Сонька Алтынқолмен салыстырды. Жәбірленушілер айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды талап етті.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 12:43
Талқылау