Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Перідей алдайтын атақ та, даңқ та бар": Жұлдыз Әбдікәрімова өткенін есіне түсірді

Жұлдыз Әбдікәрімова өткенін есіне түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Перідей алдайтын атақ та, даңқ та болды

Қайрат Нұртастың келіншегі желідегі парақшасында өмірден түйгені туралы жазба қалдырған. Ештеңе кішкентай болып қалмайды, ол ақырында үлкен құбылысқа ұласады дейді ол. Осылайша Жұлдыз Әбдікәрімова ойын ортаға салып, әр нәрседен жақсылық көре білуге шақырды.

"Қызық иә, өмірде кішкентай деген нәрсе болмайды екен. Кішкентай сезім болмайды, ол маздап үлкен махаббатқа айналады. Кішкентай көңіл болмайды, ол құрметтеліп үлкен сыйластыққа ұласады. Кішкентай жүрек болмайды, ол мейірімнің арқасында үлкен жүрекке ауысады. Кішкентай адам болмайды, жақсылығын көре білсек үлкен тұлға боп шыға келеді. Кішкентай өмір болмайды, аз болса да саз тағдыр кезігеді", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сонымен қатар, актриса өткен күндерін есіне алған. Театр сахнасында өнер көрсеткен Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің кішкентай кезден-ақ үлкен жүк арқалап, ауыр рөлді ойнап шыға алғанын айтып мақтанған. Ол мамандығының қаншалықты қиын екенін, қандай қиындықтар кездесетінін де айтуды ұмытпады. Ағынан жарылып, ішіндегі сезімін ақтарды ол.  

"Студент кезімде ұстазымыз Байтен Омаров атындағы монотеатрда Дулат Исабектовтің «Алтын тордағы тоты» (Актриса) пьесасын сахналағанбыз. Таңдаған мамандығымның салмағын түсіндірген спектакль болды десем қателеспеймін. Бұл жолда перідей арбайтын атақ та, даңқ та, көз байлайтын ақша мен періштедей шынайы ғашық ететін кіршіксіз өнер де болды. Өмірінде орын алған келеңсіз жағдайларды сахнадағы образымен араластырмайтын, жүрегінің түбіндегі жабырқау сезімді көрсетуге болмайтын. Тәртіп солай. Себебі ол – актриса", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Сонымен қатар, ол ұстазының өзіне айтқан кеңесімен бөліскен. Осылайша ішкі сезімін ақтарған Қайраттың келіншегі даңғыл жол салатын кезі келгенін айтты.

"Маған кішкентай болғаныммен, сондай қиын рөл ұсынылды. Ешқандай сөз жоқ. Бар болмысын ым-ишарамен ашып шығу керек болды. Сол кезде ұстазымыз: «Үлкен не кішкентай деген рөл болмайды,  театрда әр әртіс маңызды», - деген. Менің де кішкентай жолымның даңғыл торабқа айналар кезі келген сияқты", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Қаншама жылдар бойы өзін отбасына арнаған Жұлдыз Әбдікәрімова шығармашылығын қолға алған сияқты. Өнер иесінің бұл жазбасы өзін дамытуға мықтап кіріскенін аңғартады. 

Талқылау