Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофилдің құрбаны болған 5 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Қарағанды облысында педофил зорлаған 5 жасар қызың ата-анасы ота жасату үшін көмек сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2_letnyaya_devochka_okazalas_v_bolnitse_posle_odinokoy_progulki_v_chelyabinske

Бүлдіршінге ұзақ уақыт бойы ем алу үшін қаражат керек. Бұл жайында ата-анасы Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаевамен кездесу кезінде айтқан.

«Мен қыздың анасымен кездестім. Кішкентай қызға бірнеше операция жасалған, алда әлі жасалады. Оның жағдайы қазір орта дәрежелі ауыр. Ата-аналары «Халық банкінен» шот ашып, кішкентай қыздың өміріне немқұрайды қарамайтын азаматтардан қаржылай көмек сұрайды», – деді Әлия Садырбаева.

«Халық банкі» АҚ шотының реквизиттері: 4402576504538054 ЖСН 770321350163

Бұған дейін хабарлағанымыздай  ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты. Ал дәрігерлер қыздың жағдайы орташа қалыпта деп мәлімдеді. Ал желі қолданушылары болса өз кезегінде сержантты қолдайтын арнайы акция да бастаған болатын.

Ал блогер Айгүл Орынбек болса, бұл жерде сержант ешқандай да “прав” емес деп пікір білдірді. Оның толыққанды пікірін мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Талқылау