AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жігіт өзін 16 жерден пышақтаған танысын кешірді

Павлодарлық жігіт өзіне 16 жерден пышақ сұққан танысын кешірді. Облыстық мамандырылған ауданаралық сот аталған іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға былтыр 26 сәуірде болған. Екі жігіт үйдің кіреберісінде жанжалдасып, 26 жастағы ер адам екінші жігітке екі рет пышақ сұғып, тағы 14 жерінен тіліп жіберген. 25 жастағы ер адам жедел ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

Прокурор сотталушыны адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрап, қатаң режимдегі колонияға 8 жылға қамауды ұсынды.  Ал жәбірленуші танысын кешіргенін, өзара татуласқандарын жеткізді. Қатаң жазаламауды сұрады. 

Жауапқа тартылған ер адам досына ауыр дене жарақатын салғанын мойындады. Бірақ адам өлтіретін ойы болмағанын және жасаған ісіне өкінетінін айтты.



Сотталушы ойын соңына дейін жеткізбегендіктен, сот "адам өлтіруге оқталу болмады" деген шешімге келді.  Осыған байланысты оның қылмысы "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қаралды. 
Айыпталушы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылыққа да ілініп, жазасының үштен бір бөлігі қысқартылды.

Осылайша, досына ауыр жарақат салған ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр