Павлодарлық Астана тергеу изоляторына телефонды резеңке тәпішкенің табанына тығып кіргізбек болған
Павлодар облысының тұрғыны Астанадағы тергеу изоляторына телефонын резеңке тәпішкенің табанына тығып кіргізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Астана қылмыстық іздестіру департаменті
Тамақпен бірге телефонды да өткізген болған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелердегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды беру" бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Астана қылмыстық іздестіру департаменті мен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелері жүргізген кешенді шаралардың нәтижесінде елордалық тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұялы телефондарды жеткізудің тағы бір арнасы жойылды. Басқа арналарды анықтау жалғасып жатыр", – деді елордалық қылмыстық іздестіру департаментінің басшысы Дәулет Рахымбеков.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады