Павлодардың екі таксист азаматты аяусыз өлтіріп кетті
Павлодарда 19 жастағы жігіт екі таксистің өліміне күдіктелуде. Ол марқұмдардың көлігін құрал ретінде бөліп сатпақ болған.
Вахид Пиралиевтің артында қалған әйелі мен қыздары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Отағасы 20 шілде күні жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Алдымен оның көлігі, кейін денесі табылды, деп хабарлайды 31 арна.
«Күйеуімді әкем мен ағам, туыстарым іздеді. Оны тоғайдан тапты», – дейді әйелі Анар Пиралиева.
Осының алдында 44 жастағы қала тұрғыны, таксист Ерболат Мұқашев те жоғалып кеткен. Оның пышақталған денесі де тоғайдан табылған. Екі өлімге де бір адам күдіктелуде.
Облыстық ІІД мәліетінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Марқұмның туыстары күдіктің таксистерді көлігіне бола өлтірген деп ойлайды. Өйткені бірінің көлік құралдарын бөліп өткізген.
«Таксистердің жұмысы қиын. Әсіресе, жастардың әрекеті ерсі. Шектеуді білмейді. Ақша үшін бәріне дайын», – дейді таксопарктің аға диспетчері Оксана Алистратенко.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
