Павлодарда жұрттың көңілін елжіреткен қарияға көлік кілті табысталды (видео)
Павлодарда ескі көлігімен жол апатына түсіп, көптің көңілін елжіреткен қарияға "Запарожецтің" кілті табысталды, деп хабарлайды Stan.kz аагенттігі.
Семей тұрғыны Асылбек Андабаев павлодарлық қарияға көліктің кілті мен құжаттарын берді.
Көлікті берген сәтінің видеосын ер адам әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Уәде еткенімдей, бүгін көліктің кілтін табыстадым. Ата дән риза. Жақсылық жасаңыздар, ол міндетті түрде қайтып келеді", – деп жазды автор.
Еске салайық, Павлодарда тұрғындар "ЗАЗ" көлігімен жол-көлік оқиғасына түскен қарияға көмектесу үшін қаржы жинауды ұсынды. Қарияның видеосы желідегі парақшалардың бірінде жарияланған еді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді